Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкенттік полицейлер «Қару» іс-шарасы барысында құқықбұзушылықтарды анықтауда

Ағымдағы жылдың 4-қазан мен 4-қараша аралығында Шымкент қаласында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның басты мақсаты — азаматтық қару айналымы саласына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Бұл бойынша қару иелері, сондай-ақ аңшы дүкендері, күзет агенттіктеріне тексеру жүргізіліп жатыр.

Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлерімен іс-шара барысында 603 қару иелері және 17 күзет агенттігі тексерілді. Қаруды сақтау және тіркеу ережелерін бұзудың 9 жайты анықталды. Анықталған кемшіліктер бойынша азаматтар тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кететін ақпарат «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы 2021 жылдың 4-қарашасына дейін жалғасатын болады.

 

Ұқсас жаңалықтар

«AMANAT»: САУРАНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ КӨШЕЛЕРГЕ АСФАЛЬТ ЖОЛДАР ТӨСЕЛУДЕ

admin

ЕЛДІК СҰЛБАСЫ НЕМЕСЕ ҰЛТТЫҚ РУХ ЖАЙЛЫ ТОЛҒАНЫС

admin

КҮН ТӘРТІБІНДЕ – БЕСІНШІ АУДАН

admin