Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкенттік полицейлер кезекті «Беташар тойын» тоқтатты

Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шара жүргізіліп келеді.

Нәтижесінде, 2021 жылдың 22қыркүйегінде, сағат 13:00е Еңбекші ауданы Жібек жолы көшесі бойында орналасқан үй иесі карантиндік шектеулерді бұзып, 40 адамнан асатын «Беташар той» өткізіп жатқанын анықтады.

Аталған жайт бойынша, жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері бекітілген қаулыны ескермей, әлі той-жиын өткізіп жатқан тұрғындарға бұл өздерінің ғана емес, өзгелердің де өміріне қауіп төндіріп жатқанын ескертеді.

 

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ 95 ЖЫЛДЫҚ ТОРҚАЛЫ ТОЙЫ ӨТТІ

admin

ТҮРКІСТАН: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ЕГІН ЕГУ НАУҚАНЫ ТОҚТАҒАН ЖОҚ

admin

АРЫС: 435 ҮЙГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

admin