Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкенттік полицейлер мемлекеттік бағдарламасы арқылы ақша шығарып беремін деп, алдап соққан алаяқты бір тәуліктің ішінде ұстады

2021 жылдың 12-шілдесінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, белгісіз тұлға сеніміне кіру арқылы, мемлекеттік бағдарламасы арқылы ақша шығарып беремін деп, 50.000 теңге қаражатын алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті азаматты анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.

 

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент қаласында «Абайлаңыз, балалар!» іс-шарасына дайындық кезеңі жүргізілуде

admin

Шымкенттің аталары мен әжелері әскерге шақырылушыларға қолдау көрсетті

admin

ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫ АБАТТАНДЫРУҒА ӘСКЕРИЛЕР ДЕ АТСАЛЫСТЫ

admin