Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкенттік полицейлер телефон ұрысын ұстады

Қаратау ауданының  Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, белгісіз тұлға дүкенде тұрған сөмкесінің ішінен ұялы телефонын ұрлап кеткендігін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша, Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында ұрлық жасаған азамат анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.                                                                                                 

Осы орайда, Шымкент қаласының полицейлері тұрғындарға жеке мүлкіне сақ болуға шақырады. Егер сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөміріне хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.

 

Ұқсас жаңалықтар

«Пәтер жалға беремін»: Шымкентте тағы бір алаяқтық жайты анықталды

admin

Шымкентте қос коррекциялық балабақша ашылды

admin

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА 13,9 МЛРД.ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

admin