Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкенттік полицейлер ұрлық жайтын «ізін суытпай» ашты

  2021 жылдың 12-шілдесінде Қаратау АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, қалада орналасқан базарлардың бірінде сауда-саттық жасап отырғанда, өзіне тиесілі әмиәнін, оның ішінде 80.000 теңгесін, автокөліктің төл құжаты және жеке куәлігін белгісіз тұлға ұрлап кеткенін көрсеткен.
Тәртіп сақшыларының жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тез арада «ізін суытпай» Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Ұрланған заттар иесіне қайтарылды. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полиция қызметкерлері адамдар көп шоғырланған орындарда өз мүліктеріне сақ болуын ескертеді.

Ұқсас жаңалықтар

«ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫ: «НАУРЫЗ КЕЛДІ-ҚҰТ КЕЛДІ» АТТЫ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ САЙЫС ӨТТІ

admin

Тәртіпсіз ел- болмайды тәртіпке бас иген кұл болмайды

admin

Карантин талаптарын сақтамаған дүкен анықталды

admin