Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Шымкенттік полицейлер ұялы телефон ұрлаған азамат анықталды

2021 жылдың 26қарашасында Еңбекші АПБ-на Түркістан облысының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында Шымкент қаласындағы үйінен белгісіз тұлға жасырын түрде «Самсунг» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Еңбекші АПБ-ның криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді.

Қазіргі таңда ұялы телефон ұрлаған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) қылмыстық іс тергелуде. Аталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар жоқтығы тексерілуде.

Егер, Сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, «102» нөміріне хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.

Ұқсас жаңалықтар

«АӘК алуға көмектесемін»: Шымкентте алаяқ көпбалалы ананы алдап кеткен

admin

Шымкенттік полицейлер волейбол жарысынан бірінші орын иеленді

admin

Темірхан Медетбек: Білім жоғалып бара жатыр

admin