Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі Ювеналды полиция тобы қызметкерлерімен “Түнгі қаладағы балалар” жедел профилактикалық шарасын жүргізді.
Рейдтік шара аясында полицейлер жасөспірімдер жиналатын орындар, ойын-сауық мекемелері, көңіл көтеретін аумақтарды аралады. Аудан аумағында кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықпен қылмыстың алдын алу мақсатында түнгі ойын-сауық орталықтарында 2-жасөспірім анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Ал, 22:00-ден соң көшеде ата-анасыз немесе заңды өкілінсіз жүрген 13 жасөспірім анықталды. Олардың заңды өкілдеріне ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» бойынша әкімшілік хаттама толтырып, тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Әрбір ата-ананың назарына кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты түрде айналысуды ескертеміз. Сондықтан ата-аналар өз балаңыздың өміріне жауапты екеніңізді ұмытпаңыз!
Шымкент қ. ПД-нің баспасөз қызметі
