Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ШЫМКЕНТТІК ЖАС СУРЕТШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкентте Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: қоғаммен байланыс» тақырыбында форум өтті.
«Antikor ortalyǵy» алаңында ұйымдастырылған форумға мегаполис әкімі М.Әйтенов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағали, қоғам қайраткерлері — ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері М.Байғұт пен Ш.Мырзахметов, арнайы мониторингтік топтың, бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, «Шымкент – адалдық алаңы» және мемлекеттік органдардың өкілдері мен қоғам белсенділері қатысты.
Аталған жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту, сондай-ақ заманауи талаптарда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында «Жастардың әлеуметтік және тұрақты даму қоры» қоғамдық қоры Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қолдауымен өткен «Адал еңбектің жарқын бейнесі» жас суретшілер байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқауға Шымкент қаласының 7-9 сынып оқушылары қатысты.
Қорытындысы бойынша І-орынды №6 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Ирсалиев Абдугафар, ІІ орынды №88 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Абдуқадыр Толғанай иеленсе, ІІІ-орынға №41 А. Макаренко атындағы мектеп—лицейінің оқушысы Ли Виктория лайық деп танылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, сурет байқауы — көркем өнер саласындағы дарынды балаларды анықтап, жас таланттарға Қазақстан бойынша танылуға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАҢА «ТҰРАН» ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ ҚҰРЫЛДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 600-ДЕН АСТАМ ТҰРҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛҒАН

admin

Мемлекеттік қызметкерлер электронды цифрлы қолтаңбаны салық басқармасынан ала алады

admin