Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас Жемқорлық-заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді, қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, қайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі.

Тарихы тереңнен бастау алған Сыбайлас жемқорлық бүгінде бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіріп отыр. Біздің Республикамыздада бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің бірінші кезектегі міндетіне айналды.

Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жеиқорлық көріністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің үддесінен шығатынымыз сөзсіз. Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың белгісімен іс қозғаудың бір негізі – азаматтардың арызы. Әрбір азамат өзінің Конституциалық құқығын қорғауға міндетті.

  Айдос Батыршаұлы,

Шымкент қалалық №3 ПҚ  бөлімінің инспекторы  әділет аға лейтенанты.

Ұқсас жаңалықтар

Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ, Сенат депутаты: … парламентті қолжаулыққа айналдыру тәжірибесін тоқтату керек

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПАНДЕМИЯЛЫҚ ІНДЕТПЕН КҮРЕСТЕ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

admin

ҚҰРҒАҚ «ПИАР» ҚАЛҚАМАНОВҚА ҚАШАНҒА ДЕЙІН «ҚАЛҚАН» БОЛАР?

admin