Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

«ТАССАЙ» ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖОЛДАУ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін Қаратау ауданында орналасқан №91 мектеп ғимаратында “Тассай” тұрғын алабының тұрғындарымен кездесу өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті жолдауын талқылау мақсатында өткен кездесуге «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық мәслихат депутаттары Жадыра Таңатарова және Имашев Қайрат қатысты. Кездесу барысында мәслихат депутаттары Жолдау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жиында Президентіміздің заманауи даму жолдарын ескере отырып, қазақ тілінің мәртебесіне, халықтың денсаулығын нығайтуға, білім саласы мен жастарға, кәсіпкерлерге қолдауды күшейту қажеттігіне, сондай-ақ ұлттық қордың табысын қарапайым бұқараның есебіне аударуға баса назар аударғаны халықтың әл-ауқатын жақсартуға көзделген негізгі шаралардың маңыздылығы айтылды.
Жиын соңында барша тұрғындар Жолдауды қолдайтындарын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттік полицейлер интернет желісінің кабелін ұрлап кеткен азаматты анықтады

admin

ШЫМКЕНТТЕ ҚЫТАЙ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН B2B ФОРМАТТА ФОРУМ ӨТТІ

admin

ЖОЛДАУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ

admin