Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҰЛҒА – ЕЛДІҢ ТҰТҚАСЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қалалық Абай атындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің «Парасат жолы» орталығында «Тұлға – елдің тұтқасы» атты тақырыпта кездесу кеші өтті.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған кешке Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Есқара Тоқтасын, Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, Еңбек даңқы медальінің иегері, қоғам белсендісі Қалдыбек Тұртаев, Шымкент Гарнизоны Әскери полиция бөлімінің қызмет басшысы Ержан Ағыбаев, штабтың аға маманы Әйгерім Алтаева, Жол-Көлік колледжінің ұстазы Айғаным Мамырханова, уақытты тиімді пайдалану орталығының мұғалімі Марғуба Мұхтарқызы, №55 мектептің педагог ұйымдастырушысы Жанат Ускенбаева мен жас оқырмандар қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – Елбасының өмір жолы мен қызметі жайында толық мәлімет беру, жастарға өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға тәрбиелеу, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу болып табылады.
Кездесуде кеш қонақтары мерекенің мән-маңызына тоқталып, еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері жайында оқушыларға ақпарат берді.
Еркін форматта өткен шарада жастар сұрақтарына жауап алып, өз ойларымен бөлісті.

Ұқсас жаңалықтар

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ

admin

Түркістан: «Turkistan media talks: БАҚ және трансформация» семинар-тимбилдинг өтті

admin

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА БЕТОН ЗАУЫТЫ АЙЫНА 30 МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ӨНДІРУДЕ

admin