Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халықМәдениет

ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНДАҒЫ САЯБАҚТАРДА ТЕГІН ҒАЛАМТОР ЖҮЙЕЛЕРІ ОРНАТЫЛДЫ

Түркістан облысы Арыс қаласы тұрғындарының енді кез-келген уақытта ғаламторды тегін пайдалануына мүмкіндігі бар. Себебі, қаладағы төрт сабақта тегін Wi-Fi желісі орнатылды. Атап айтсанда, желі «Дендросаябақ», «Батырлар аллеясы», «Арбат», «Жастар» саябағында іске қосылған.
Жүйе 20 Мбит/с жылдамдықта жұмыс істейді. Лимитсіз желіні орнату жұмыстарын «Транстелеком» компаниясы жүргізген.
Аталған жоба облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер  басқармасы мен қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды.
Саябақтарға серуендеуге барған тұрғындар арақашықтықты сақтап, бетперде тағуды ұмытпау қажет. Сонымен қатар, тегін Wi-Fi желісін пайдалану кезінде жастардың тәрбиесіне кері әсер ететін сайттарға да кіруіне шектеулер қойылған.

Ұқсас жаңалықтар

Ерлік, патриоттық және рухани — эстетикалық тәрбиелеу мақсатында іс-шара өтті

admin

ФРАНЦУЗДЫҚ ҒАЛЫМДАР ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ

admin

САРЫҒАШ АУДАНЫНДА 13 НЫСАН ЕЛ ИГІЛІНЕ БЕРІЛДІ

admin