Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН АВТОПАРКІ 10 ЖАҢА АВТОБУСПЕН ТОЛЫҚТЫ

Бүгіннен бастап Түркістан қаласына тағы да жаңадан SAZ LЕ-60 маркалы 10 автобус  әкелінді. Жалпы, Түркістан қаласына алдағы екі ай көлемінде 20 автобус келеді деп күтілуде.  Бүгінде қоғамдық көлік бағыттары қою жаспарланып отыр.

Жаңа автобустар №18 бағыттағы «Тұран ауылы – Әкімшілік іскерлік орталығы – Түркістан автовокзалы» автобус бағыты қаланың Тұран ауылы тұсынан бастау алып жаңа «Түркістан автовокзалы аралығында (Қазыбек би көшесі, Б.Саттарханов даңғылы арқылы) қатынайтын болады. Қоғамдық көліктің кешігуі, жүргізушілердің дөрекі сөйлеуі және басқа да жайттар орын алса, 109 байланыс нөміріне хабарласуға болады.  

Айта кетейік, жақында ғана Түркістан қаласына дәл осындай үлгідегі 20 дана автобус әкелінген болатын. Аталған қоғамдық көліктердің сиымдылығы 25 адамды тасымалдауға лайықталған. Желдеткіш пен қолдарбаға арналған пандусы, электронды билет беру және үш бейнебақылау құрылысымен жасақталған.

Ұқсас жаңалықтар

Сыртқы талдау жұмыстары арқылы анықталған кемшіліктер алқалы жиында баяндалды

admin

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САММИТ БАСТАЛДЫ

admin

ТҮРКІСТАНДА ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСОВТЫҢ 149 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТУРНИР ӨТЕДІ

admin