Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: БАРЛЫҚ ҚАЖЕТТІ ТЕХНИКАЛАР МАҚТААРАЛҒА ЖҰМЫЛДЫРЫЛУДА

Ағымдағы жылдың 1  мамырында Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен халықты қауіпсіз аймақтарға эвакуациялау жұмыстарына 30 автобус жұмылдырылды. Атап айтқанда, Мақтаарал ауданынан – 5, Жетісай ауданынан – 5, Сарыағаш ауданынан – 7, Келес ауданынан – 3, Шардара ауданынан – 10 автобус.

         Қазіргі уақытта, Мақтарал ауданының орталығы Мырзакент елді мекенінде 13 автобус дайын тұр. Қажеттілік туындаған жағдайда қосымша автобустар жұмылдырылатын болады. 

Сонымен қатар, ауданға жол саласы бойынша 65 арнайы техникалар жұмылдырылды. Мәселен,  28 «хова» жүк көлігімен инертті (құм, шағалтас) материалдар жеткізілді. Сондай-ақ, су басу қаупі бар аймақтарға 35 адам жұмылдырылып, 120 куб қап қапталып, бөгеттер жасалды.

Бұдан бөлек, «Қазавтожол» ЖШС-і төтенше жағдайға 8 жүк көлігін, 2 трактор, 1 автогрейдер, 1 жүк артушы көлігі мен 10 жұмысшыны жұмылдырды. Мекеме тарапынан 550 текше метр топырақ жиналып, бөгеттер үшін 2000 қап дайындалды.

Ұқсас жаңалықтар

📣 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кубогіне арналған жекпе-жек бойынша турнир аяқталды

admin

Сот мәжілісінің хатшысы және оның сот жүйесіндегі орны

admin

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН ТӨСЕЛГЕН ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ БАҚЫЛАНДЫ

admin