Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: «BIZ BIRGEMIZ TURKISTAN» ЖОБАСЫ ӨТТІ

Түркістан қаласында жастар арасындағы әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған «BIZ BIRGEMIZ TURKISTAN» жобасы аясында кездесу ұйымдастырылды. 200-ге жуық жас Түркістан облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі облыстық кеңестің төрайымы Динара Егамбердиева, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов және жас жаттықтырушы, спорт жанашыры Қанат Рысбекпен жүздесті.
«Ұлы Дала елі» тарихи-мәдени орталығында өткен жиында жастар мәселелері жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, жаңа заң жобасы аясында еліміздің жастарының шек мөлшері 29-дан 35 жасқа өзгеруі, аула спортын дамыту, жоғарғы сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру, мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмысқа орналасу, NEET санатындағы жастардың көрсеткішін төмендету тақырыптары басты назарға алынды. Ашық пікір алмасып, көкейдегі сұрақтарына жауап берілді.
Айта кетейік, жоба аясында 15 кездесу және 50-ден астам түрлі тақырыптағы әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған семинарлар мен тренингтер өтті. Осы уақытқа дейін 3 қала 14 ауданды қамтыған жобаға қоғам белсенділері, жас депутаттар корпусы, кәсіпкерлер, арнайы шақыртылған сала мамандары қатысып, біліктілігімен бөліскен болатын.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖАС ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРЛЕРІ АРАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

admin

Шымкенттік полицейлер алтын бұйымдары мен ақшасын ұрлап кеткен азаматты анықтады

admin

ANTIKOR LIVE: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ-НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚ

admin