Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: ЕРІКТІЛЕР ҚАЗЫҒҰРТТЫҚТАРҒА ЖӘРДЕМДЕСУДЕ

Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы округінде нөсер жауын салдарынан су басқан үйлердің аулаларын, қора жайларын тазартуға еріктілер жәрдемдесуде. Қазіргі таңда 13 көшедегі 66 тұрғын үйдің ауласынан су өткені анықталды. Жедел әрекет ету барысында 14 мамыр күні аудан әкімдігінен 3 мотопомпа, 32 қызметкер және көрші аудандағы төтенше жағдай бөлімдерінен 5 мотопомпа, 2 техника көмекке жеткен. Сондай-ақ аудан жастарынан құрылған еріктілер және жергілікті Жастар орталығының мамандары, аудан, ауыл әкімдіктері мен тиісті мекемелерден 120 адам, аудандық білім саласының өкілдерінен 150 адам зардап шеккен тұрғындарға ерікті түрде көмектесуде.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ А. МАМИН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДАҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ

admin

Шымкенттік полицейлер Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесу өткізді

admin

ТҮРКІСТАН: ТӘУЛІГІНЕ 100 ТОННА АСФАЛЬТ-БЕТОН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

admin