Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ «АҚЫЛДЫ» МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облысы, Келес ауданына қарасты Амангелді елдімекенде «ақылды» мал бордақылау алаңы іске қосылды. Құрылысы 2 жылға жалғасқан алаңның жалпы аумағы 0.5 га. 300 мал басына есептелген шаруашылыққа «ангус» тұқымды 32 бас ірі қараны Петропавл облысынан алдырған. Мұндағы барлық «қара жұмысты» арнайы қондырғы, робот атқарады. Мал шаруашылығын кәсіп еткен жергілікті тұрғын Дәурен Әлімбаев осылайша өз арманын жүзеге асырған.

«Хобби ретінде бастап, ізденіп, тиісті мамандардан кеңес алдым. Бұл саланың сырларын жетік білмегендіктен, қиындықтарға тап болғаным рас. Аудан әкімінің қабылдауында болып, құжаттандыру, субсидиялау жағынан көмек сұрадым», – дейді жеке кәсіпкер. 

Роботтандырылған мал бордақылау алаңында 1 ғана адам жұмыс істейді. Жұмыстың басым бөлігін Ресейден сатып алынған «малақ тазалау» құрылғысы атқарады. Кәсіпкер бизнесін ары қарай дамыту үшін  мемлекеттен аз мөлшерлі пайызбен несие алмақ. Осылайша шаруашылығын кеңейтіп, жылқы, қой бордақылайтын, сүт өндіретін ферма салуды көздейді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ДЕПУТАТТАР ТҰРҒЫНДАРМЕН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ТҰРАҚТЫ ТІЛДЕСЕДІ

admin

М.ӘЙТЕНОВ: «БЕС ЖЫЛДА 101 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ»

admin

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 425 КӨПБАЛАЛЫ АНА АЛТЫН МЕН КҮМІСТЕН АЛҚА ТАҚТЫ

admin