Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халықСаясат

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ДИҚАНДАРДЫҢ ҚАРБЫЗДАРЫ ЭКСПОРТҚА ЖОЛ ТАРТТЫ

Түркістан облысы, Келес ауданында қарбыз пісті. Биылғы алғашқы түсім еліміздің ірі қалаларына саудаланады. Сонымен бірге шет мемлекеттерге экспорттала бастады. Бозай ауылдық округіндегі «Әбіл» шаруа қожалығы 40 гектар аумаққа қарбыз егіп, жемісін көруде. Бүгінгі таңда шаруа Нұрлан Мұстаев 22 тонна өнімді өткізіп үлгерді.
– Қыстың соңына қарай үй алдындағы жылыжайға қарбыздың дәнін егіп, көшет күйіне жеткіземіз. Көктемнің жайма-шуақ күндерінде Сыр бойындағы егіндік алқабымызға егеміз. Көктемнің соңғы күндеріне, яғни 3 айда қарбыз піседі. Жергілікті 5 адамды жұмыспен қамтыдық, – дейді «Әбіл» шаруа қожалығының төрағасы Нұрлан Сапарқұлұлы.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМГЕР, ҚАЖЫРЛЫ ҚАЙРАТКЕР

admin

ҚАЛАНЫҢ ОРТАЛЫҚ КӨШЕЛЕРІНЕ ЖАҢА ҚОҚЫС ЖӘШІКТЕРІ ОРНАТЫЛДЫ

admin

«ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖЕЛІСІ 65 ПАЙЫЗҒА АЯҚТАЛҒАН

admin