Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ҚАУІПСІЗ ҚАЛАҒА АЙНАЛАДЫ

Кентау қаласына «Қауіпсіз қала» жобасы аясында сергек бейне бақылау камералары қойыла бастады. Облыс орталығы — Түркістан қаласына ең жақын орналасқан қала болғандықтан көлік саны да артқан.
Камералар орнату арқылы қаланың қауіпсіздігін күшейту, жол қозғалысы ережесінің бұзылуына жол бермеу, жол-көлік оқиғасының санын азайту көзделген.
16 наурыздан бастап қаланың Ясауи мен Төле би көшелерінің қиылысына, «Ынтымақ» алаңына қойылды. Жалпы, 20 «Сергек» бейне бақылау камераларын орнату қажет пунктілері ұсынылған.
Қала әкімі Рашид Аюпов Кентауды қауіпсіз қалаға айналдыру мақсатында жыл соңына дейін сергек бақылау камералардың санын арттыруды жоспарлауда.
Жүргізушілер жылдамдықты асырмай, өзі мен жолаушылардың өмірі үшін жол ережелерін сақтағаны абзал.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

5-СЕКТОРДЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

admin

МЫРЗАКЕНТ КЕНТІНІҢ 160 ГЕКТАР ЖЕР ТЕЛІМІНЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР САЛЫНАДЫ

admin

ТҮРКІСТАНДА КӘСІПКЕРЛЕР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫН НАРЫҚТАҒЫ БАҒАДАН 20% ТӨМЕН САУДАЛАДЫ

admin