Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА 900-ГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Кентау қаласында ағымдағы жылы 300-ге жуық отбасы, ал 2020 жылға қарай 900-дей жанұя баспанамен қамтылады деп жоспарлануда. Бүгінгі таңда қалада 5 қабатты әрқайсысы 60 пәтерлі 5 тұрғын үй аяқталуға жақын. Атап айтқанда, Кентау қаласы Жібек жолы көшесіндегі №41 тұрғын үйдің, Алтынсарин көшесіндегі №9Б және Уәлиханов көшесіндегі №136А тұрғын үйінің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, бүгінгі таңда ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Сейфуллин көшесіндегі  №116 тұрғын үйінің бүгінгі таңда ішкі әрлеу, сылақ жұмыстары жұмыстары жүргізілуде. Ал Қонаев көшесіндегі  №44А тұрғын үйдің құрылысы бойынша бүгінгі таңда 4-қабаттың қабарғаларын көтеру жұмыстары жүруде. Аталған тұрғын үйлерде 1 бөлмелі – 15 пәтер, 2 бөлмелі – 15 пәтер,  3 бөлмелі – 30 пәтер бар.

Сонымен қатар, Ш.Уәлиханов көшесі бойынан 5 қабатты 60 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары басталуда. Пәтер саны – 600, жалпы ауданы  – 33 470 шаршы метр. Нысандар 2020 жылға өтпелі.

Айта кетерлігі, Кентау қаласында 2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында әрқайсысы 60 пәтерлі 2 тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 120 отбасы баспанамен қамтылған. Ел игілігіне тапсырылған тұрғын үйлердің жалпы ауданы – 7294 шаршы метр.

 

Ұқсас жаңалықтар

Тұрғылықты жері жоқ азамат әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырылды

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІ МЕКТЕП КЛУБТАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ СЛЕТЫ ӨТТІ

admin

ТҮРКСОЙ ЖАСТАР КАМЕРАЛЫҚ ОРКЕСТРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КОНЦЕРТІ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

admin