Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБас мақалаБилік және халық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КОРОНАВИРУСТЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫН

Елімізде коронавирустың екінші толқыны басталғаны белгілі. Түркістан облысы эпидемиологиялық ахуалды бағалау көрсеткіші бойынша қалыпты деген «жасыл» аймақта тұр. Қауіпті инфекцияның таралуы өршіген жағдайда өңірдегі емдеу мекемелеріндегі инфекциялық төсек-орындар санын 6 мыңға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Жалпы, облыс бойынша бүгінгі таңда мыңға жуық инфекциялық және карантиндік төсек-орын дайын.

Соңғы бір тәулік ішінде облыс аумағында коронавирус инфекциясына шалдыққан 16 адам тіркелді. Өсу тәулігіне 0,42% құрайды. Жалпы Түркістан облысында  113 емделуші, Сарыағаш, Сайрам, Төлеби, Созақ, Түлкібас, Жетісай аудандарының тұрғындары ем қабылдап жатыр. Ауыр жағдайда жатқан науқастар жоқ. Басым бөлігі COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Елдегі пандемия басталғалы өңірде 3816 жағдай тіркеліп отыр.  Оның  ішінде 2372 симптомсыз жағдай, 1642-сі стационарлық.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЖҰМЫСТАРҒА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: КЕЗЕКТІ «ХАЛЫҚТЫҚ КЕҢСЕ» САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА АШЫЛДЫ

admin

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ДІНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІМЕН ЖИЫН ӨТТІ

admin