Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА КЕЛГЕН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ЗАҢСЫЗ САТЫЛЫМҒА ШЫҚПАУЫ БАҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысына Шеврон және Юнисеф компанияларынан дәрі-дәрмектер және қорғаныс құралдары гуманитарлық көмек ретінде келді.

Осыған орай, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері аталмыш гуманитарлық көмектің облыстық қоғамдық денсаулық басқармасына толық орналастырылуын бақылап, келіп жеткен барлық медициналық көмекке «ТЕГІН» деп көрсетілген арнайы белгілерді қою арқылы гуманитарлық көмектің заңсыз сатылымға шықпауын қадағалады.

Гуманитарлық көмек жақын күндері Түркістан өңіріне қарасты барлық қала/аудандарда орналасқан мемлекеттік емдеу мекемелеріне жеткізіліп, қала/аудандардағы жергілікті «Адалдық алаңының» менеджерлері толық тасымалдануын жіті бақылайтын болады.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА САУЫТБЕК АБДРАХМАНОВТЫҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ-РУХАНИ КЕШ ӨТТІ

admin

Дiни алауыздыққа жол берiлмейдi

admin

ТҮРКІСТАН: «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ 95 ЖЫЛДЫҚ ТОРҚАЛЫ ТОЙЫ ӨТТІ

admin