Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халықСпорт

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕРКІН КҮРЕСТЕН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТУДЕ

Түркістан облысы Келес ауданы әкімдігі мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен еркін күрестен жасөспірімдер арасында облыс біріншілігі жалауын желбіретті. Боз кілемдегі белдесуде өңір бойынша 400-ден астам спортшы бақ сынауда. Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев спортқа деген ынтасы жоғары балуандарға сәттілік тіледі. Тартысты бәсеке 4 күн бойы жалғасады. Сайыста оқ бойы озық шыққандар арнайы сыйлықтар және алғыс хатпен марапатталады. Үздік атанған сайыпқырандар ҚР чемпионатына жолдама алады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте құрылыс жұмыстарын жүргізген азамат ұрлық бойынша ұсталды

admin

МАҚТААРАЛДА 300 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin

РЕСПУБЛИКАДАҒЫ ЖЫЛЫЖАЙЛАРДЫҢ 71% ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА

admin