Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР

Түркістан облысындағы халыққа қызмет көрсету орталықтары қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда халықтың көбеюі байқалады. Соған қарамастан тұрғындар сабыр сақтап, кезек арқылы қызметтерге жүгінуде. Сонымен бірге бүгіннен, яғни 12 қаңтардан бастап мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары да жұмысын қайта бастады. Ол дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Тұрғындар автокөлікке қатысты құжаттарды жұмыс кестесіне сай реттей алады.
Автоқызметтер – сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі. Мамандандырылған ХҚО-лар қайта іске қосылған соң тұрғындар көптеп келеді деген болжам бар. Сондай-ақ автокөлікті «Kaspi» және «Halyk Homebank» банк қосымшалары арқылы қайта ресімдеуге болады.
Мамандандырылған ХҚО ғимаратына кіру «Ashyq» қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты келушілер санитарлық қауіпсіздік ережелеріне бағынып, әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде тағуы керек.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ӘКІМ ЖАСТАРМЕН ЕРКІН ФОРМАТТА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

admin

БІЛІМ ОРДАСЫ — ЖЕКЕ БАС ПАЙДАСЫН КӨЗДЕЙТІН ТАБЫС ТАБУ ОРНЫ ЕМЕС

admin

Түркістан қаласында «Тәуелсіздік және Түркістан тарихы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

admin