Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОС КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістан облысы аумағындағы облыстық маңызы бар «Шымкент-Көксәйек-Қасқасу-Шымкент» автомобиль жолы бойындағы «Сайрам су» өзеніндегі көпірге биыл күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілді. Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен «Корпорация Береке А» ЖШС мердігер мекемесі 2020 жылдың мамыр-қыркүйек айлары аралығында аталған жұмыстарды атқарды.
Жөндеу жұмыстары кезінде, апатты жағдайдағы көпір толығымен демонтаждалды. Сондай-ақ, көпірді көтеріп тұратын ескі тіректердің орнына бұрғылап құю әдісімен тереңдігі 10 метрді құрайтын, диаметрі 1,5 метрлік 12 дана темірбетонды қадалар құйылған. Жобаға сәйкес, ұзындығы 87 метр, ал ені 12 метрлік көпір құрылысы жүрді. Бұдан өзге, көпірдің екі жағынан аяқжол қарастырылып, көпірдің астына габиондар орналастырылды. Қазіргі таңда көпір толығымен аяқталып пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Ордабасы ауданындағы облыстық маңызы бар «Өзбекстан Республикасы шекарасы-Шардара-Арыс-Темірлан-М-32» автомобиль жолы бойындағы «Бадам» өзеніндегі көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жобаға сәйкес, көпірдің ұзындығы — 96,2 метр, ені — 10 метрді құрайды. 2020 жылдың қазан айында көпір құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.
Айта кетерлігі, жөндеу жұмыстарының сапасы тапсырыс беруші, техникалық қадағалаушы және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» мекемесінің Түркістан облысы филиалының мамандары тарапынан тұрақты бақылауда болды.

Ұқсас жаңалықтар

ӨНЕРДЕГІ ҚАЙСАР МІНЕЗДІ ҚЫЗ немесе ТЕРМЕДЕГІ АЛҒАШҚЫ ҰСТАЗЫМ

admin

Шымкенттік полицейлер алаяқтық жолмен 36.000.000 теңгесін иемденіп кеткен азаматты тәулік ішінде ұстады

admin

ТҮРКІСТАН: «HAYAT-VAX» ВАКЦИНАСЫНЫҢ 13 МЫҢ ДОЗАСЫ ЖЕТКІЗІЛДІ

admin