Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысында биыл облыстық маңызы бар 612,7 шақырым жол мен 1 көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Қазіргі таңда, ауа-райының қолайлы болуына байланысты жол жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын басталған. Мердігер мекеме «АлемТрансЖол» ЖШС тарапынан Ордабасы ауданындағы 2021 жылы басталған облыстық маңызы бар КХ-63 «Бадам-Шұбар-Аққойлы-Қызыләскер-Қарабұлақ-Түлкібас» автомобиль жолының 0-38 шақырым аралығына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, аталған мердігер мекеме тарапынан Бәйдібек ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-4 «Жамбыл-Шаян» бағытындағы ұзындығы 13,4 шақырымды құрайтын жолға орташа жөндеу жұмыстары жүруде. Аталған жол қыркүйек айында толық аяқталып, пайдалануға беру жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

ХАЛЫҚПЕН ЖИІ КЕЗДЕСУ ОҢ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

admin

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДА ҰСТАУ ШАРТТАРЫМЕН ТАНЫСТЫРУ ЖАЛҒАСУДА

admin

Қазақ халқына ең алдымен мәдени-рухани тәуелсіздік керек

admin