Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН 2 АДАМ СУ АЙДЫНДАРЫНДА ҚАЗА ТАПҚАН

Түркістан облысы бойынша жалпы ұзындығы 15 мың шақырымнан асатын 3000-ға жуық өзендер мен канал бар. Онда 176 қауіпті аймақ белгіленген. Жыл басынан бері өңірдегі су айдындарында 2 қайғылы жағдай орын алған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Қанат Қарабалаев брифингте мәлімдеді.
«24-қаңтарда Қазығұрт ауданындағы Рабат су қоймасында белгісіз себеппен суға батқан 70 жастағы азаматтың мәйіті табылған. Бүгінгі таңда оқыс оқиғаның себебін анықтау үшін сот медициналық сараптамасын тағайындады. Сонымен қатар, 2-ақпанда Жетісай ауданындағы К-30 каналында 1-сынып оқушысы көпірден құлап, қайтыс болған. Екі қазаны қосқанда бір айдан астам уақытта республика бойынша 5 адам су айдынында қаза тапқан»,- деді Қанат Мәлікайдарұлы.
Облыстық төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Талғат Досалиевтің айтуынша, жыл басынан бері ауа райының күрт суытып, қарлы боранда қалып қойған 56 адам эвакуацияланған. Құтқару жұмыстарына 90-ға жуық адам мен 30 техника жұмылдырылған. Төтенше жағдайлар департаменті мамандары тұрғындарды жолға шығар алдында СМС хабарламаларын ескеруге шақырады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Колледж жастарымен кездесу өтті

admin

КЕРЕҒАР АҒЫМДАРДЫҢ ҚОҒАМҒА ЗИЯНЫ КӨП

admin

Әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмыс қорытындыланды

admin