Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБас мақалаБилік және халық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ТАШКЕНТКЕ БАРДЫ

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың басшылығымен Орталық мемлекеттік органдар басшылары және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен қазақстандық делегация Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласына ресми сапармен барды.

 

Делегация құрамына министрліктердің, тиісті құрылымдардың және Түркістан облысы әкімдігінің өкілдері кірді. Екі ел делегациясы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету жөніндегі кешенді мәселелерді талқылады. Өзара тиімді ынтымақтастық бойынша келісімдерге қол жеткізілді.

 

Кездесу барысында Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев, Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Раматов және «Узбекистон темір йуллари» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Х. Хасилов «Түркістан – Шымкент – Ташкент» бағыты бойынша жүйрік теміржол жолаушылар қозғалысын ұйымдастыру жобасын талқылады.

 

Айта кетейік, аталған жобаны жүзеге асыру халықаралық тасымалдау мен бірлескен туризмді дамыту үшін үлкен маңызға ие. Бірінші кезекте жоба Түркістанға туристерді тартуға және дамытуға негіз болады.

 

Сондай-ақ, Өмірзақ Шөкеев ӨР-ның Су шаруашылығы министрі Ш.Хамраевпен кездесті. Тараптар Өгем өзенінде жалпы қуаты 220 МВт су электр станциясының каскадын салу мәселесін талқылады.

 

Өңір басшысы сапар барысында Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ариповпен кездесіп, оған Мақтаарал ауданындағы ТЖ кезінде көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: 2023 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА 4 МИЛЛИОННАН АСА КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛМАҚ

admin

Реализация индикаторов образовательной и научной деятельности научно-исследовательского института судебных экспертиз в 2021 году

admin

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «VOICE OF TURAN» ҚАЗАҚ ӘНДЕРІ БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

admin