Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халықСпорт

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЕСКЕК ЕСУ ШЕБЕРЛЕРІ ЖАҢА МАУСЫМДЫ 30 ЖҮЛДЕМЕН БАСТАДЫ

Түркістан облысының ескек есушілері жаңа маусымды жеңіспен бастады. Олар Алматы қаласында өткен Қазақстан чемпионатында 30 жүлдеге ие болды. Атап айтсақ, 9 алтын, 9 күміс және 12 қола медаль еншіледі.
Жарысқа еліміздің 12 командасының 113 спортшысы қатысты. Түркістан облысының су спорты түрлерінен олимпиадалық резервті дайындайтын мамандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің өкілдері өте сәтті өнер көрсетті. Облыс қоржынына алтын жүлделерді Н.Сергеева, А.Терещенко, И.Лукьянов, Д.Корыткина, У.Киселева сынды спортшылар салды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

МҰҚАҒАЛИДЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «МҰЗДАМА, ЖЫЛЫ ЖҮРЕГІМ» АТТЫ ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШІ ӨТТІ

admin

ТҮРКІСТАН СПОРТШЫЛАРЫ ӨЗБЕКСТАННАН ТАБЫСТЫ ОРАЛДЫ

admin

Нәзік жанды жедел уәкіл

admin