Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: ОҚУШЫЛАР МЕН ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ БАСТАЛДЫ

Түркістанда оқушылар мен жүкті әйелдерге бүгіннен бастап коронавирусқа қарсы «Pfizer» вакцинасын салу басталды.
Облыста  «Pfizer» вакцинасын жалпы саны 53 мектептің  оқушылары салдырды. Дәрігерлер жасөспірімдерді  медициналық  тексеруден өткізіп, қарсы көрсетілімдері болмаған жағдайда екпе егіп жатыр. Сондай-ақ қазіргі уақытта облыс бойынша 68 жүкті әйел «Pfizer» екпесін алды.
Мекемелерде профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Екпе егетін  медицина мамандары арнайы оқытудан өткен.
«Pfizer» екпесі 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен лактация кезеңіндегі әйелдерге ерікті түрде салынады. Профилактикалық екпе азаматтардың өз келісімімен ғана жүргізіледі. Жасөспірімдерді вакцинациялау – тек ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен жүзеге асады.
Айта кетейік, Түркістан облысында  «Pfizer» вакцинасының 29 250  дана мөлшеріндегі алғашқы партиясы жеткізілген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

admin

БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЛАРЫ ТӨСБЕЛГІМЕН МАДАҚТАЛДЫ

admin

БЕЛСЕНДІ АРДАГЕРЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫНДА

admin