Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫЛЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНАҒА КӘСІПКЕР ҮЙ СЫЙЛАДЫ

Түркістан облысы Ордабасы ауданында тұратын жалғызбасты анаға баспана кілті табысталды. Демеушілік танытқан шымкенттік кәсіпкер Ғани Нұржігітов жаңа үйдің кілтін өзі арнайы келіп ұсынды. Екі қыз, үш ұлды тәрбиелеп отырған Мереке Үсенбаева атымтай жомартқа ризашылығын білдірді.
«Шыны керек, біз мұндайды күтпеген едік. Алла Тағаланың қалауымен баспаналы болып отырғаныма қуаныштымын. Барша ұйымдастырушыларға алғысым шексіз», — деді жаңа баспананың иесі.
Сонымен қатар, кәсіпкер жалғызбасты ананың отбасына тұрмыстық техника сыйға тартты. Игі істің бастамасшысы болған азамат кәсіпкерлерді жақсылық жасауға шақырды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ 86%-Ы ӨРТТЕН ОРЫН АЛҒАН

admin

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ 466 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

admin

КЕЗДЕСУДЕ АДАЛДЫҚ, ӘДЕПТІЛІК ТАҚЫРЫБЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

admin