Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТАҒЫ КӘСІПОРЫН ТӘУЛІГІНЕ 20 ТОННА СҮТ ӨҢДЕЙДІ

Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев Жібек жолы ауылдық округінде орналасқан «Сыр-Сарыағаш» ЖШС-нің цехына арнайы барып, жұмысымен танысты.
Жаңа кәсіптің түрін қолға алған жеке кәсіпкер Ерсейіт Буранбаев ірімшік (сыр) дайындау кезеңдерін айтып беріп, цехтағы құрал-жабдықтарды көрсетті. Аудан әкімі шағын кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетуге дайын екендігін айтты.
– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ауыл шаруашылығы саласына, оның ішінде, еңбек өнімділігін арттыруға және тауар экспорттауға үлкен мән беру керек деген болатын. Біз осы тапсырмалар аясында жұмыс атқарамыз. Өндіріс көлемін ұлғайтып, сапалы өнім шығарып, экспортты арттыруымыз қажет, – деді аудан басшысы.
Аталған цех тәулігіне 20 тоннаға дейін сүт өңдеуге қауқарлы. Бүгінгі таңда ірімшік (сыр), чечил және моцарелла сияқты түрлі өнім шығаруда.
Кәсіпкердің айтуынша, алдағы уақытта өндірілген өнім көлемін және оның түрлерін арттыруды жоспарлап отыр. «Сыр-Сарыағаш» ЖШС-гі бүгінгі таңда он жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

АРЫС ҚАЛАСЫНДА БИЫЛ ЖЫЛЫНА 50 МЫҢ ТОННА МҰНАЙ ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 170 МЫҢ АДАМ САНАҚҚА ОНЛАЙН ҚАТЫСТЫ

admin

ӘДЕП КОДЕКСІ – ТӘРТІП ТҰҒЫРЫ

admin