Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНЫҢ ЖОЛДАРЫ ЖАҢАРЫП ЖАТЫР

Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысымен аудан орталығы Шорнақ елдімекеніндегі Б.Майлин көшесінің 1 шақырымы жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, аудан орталығындағы Т.Сүлейменов көшесі мен Ы.Алтынсарин және Т.Сүлейменов көшелері мен Бабайқорған көшесінің қиылысында көлік кептелісін болдырмау мақсатында бағдаршам орнатылды.
Іске қосылған бағдаршам көлік құралдарының қозғалысын реттесе, жаяу жүргіншілер жолы аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Түрлі жол апаты мен қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында жасалған бұл жұмысты мердігер «Astana smart pluse» ЖШС-і атқарған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызмет

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ «БЕРЕКЕ – БІРЛІКТЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

admin

ТҮРКІСТАН: КӨППӘТЕРЛІ ҮЙЛЕРДІ КҮТІП-БАПТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАҢҒЫРАДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: 20-ҒА ЖУЫҚ МАМАН ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНІҢ ҚҰРАМЫНА АЛЫНҒАН

admin