Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халықСпорт

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАНЫҢ 52 СПОРТШЫСЫ 52 АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Өзбекстанда армрестлингтен жеткіншектер, жасөспірімдер, жастар, ересектер, ардагерлер және мүмкіндігі шектеулі жандар арасында XХ Азия чемпионаты өтті. Аталған чемпионатқа Азия құрлығының түкпір-түкпірінен білекті де жүректі спортшылар қатысып, жарыстың өз деңгейінде тартысты өтуіне атсалысты.
Қазақстан құрама сапында бақ сынаған «Шардара Армспорт» клубының спортшылары жеңіс тұғырынан көрініп, 52 алтын медальді ел қоржынына салды. Атап айтсақ, қазақ сайыпқырандары жеткіншектер арасында 11 алтын, жасөспірімдер арасында 17 алтын, жастар арасында 10 алтын, ересектер арасында 13 және ардагерлер сайысында 1 алтын жүлде еншіледі. Білекті жігіттер мен қыздардың жеңісінің арқасында командалық есепте Қазақстан құрамасы 1-орынға ие болды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА “ӨЛКЕТАНУ» ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

admin

ШЫМКЕНТТЕ: ПОЛИЦЕЙЛЕР ПӘТЕР ҰРЛЫҒЫН ЖАСАҒАН ЖАС ЖІГІТТІ ҰСТАДЫ

admin

ОРДАБАСЫДА ЖАҢА ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin