Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖАҢА КӨПІР САЛЫНДЫ

Түлкібас ауданына қарасты Қарағашты ауылы тұрғындарының көп жылдардан бері шешімін таппай келе жатқан көпір мәселесі шешімін тауып, ел игілігіне берілді. Аудан орталығымен ауылды екіге бөліп тұрған өзеннен өту үшін тұрғындар 3 шақырым жолды айналып өтіп, аудан орталығына жаяу қатынау тұрғысында көптеген қиындықтарға кездесетін. Биыл көпір құрылысы қолға алынып, ел игілігіне беріліп отыр. Нысанның жалпы ұзындығы — 222 метр. Көпір — 90 метр, ал көпірден шығатын аяқ жол ұзындығы — 132 метрді құрап отыр. Сондай-ақ, түнгі жарықтандыру шамдары қойылыған. Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына да барлық жағдайлар қарастырылған.

Ұқсас жаңалықтар

АУЫЛ КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ ТӨМЕН ПАЙЫЗБЕН 6,8 МЛРД ТЕҢГЕ БЕРІЛЕДІ

admin

ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ КОНКУРСЫН ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ 30%-ҒА ҚЫСҚАРДЫ

admin

Қақпа орнатып беремін деп, ақшасын алаяқтықпен иемденген

admin