Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАН: ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ САЛАСЫНДАҒЫ РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА

Түркістан облысында заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою мақсатында кезекті рейдтік іс-шаралар Ордабасы ауданы және Түркістан қаласында өтті.  Бірлескен рейдтік шараларды облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен Ордабасы ауданы және Түркістан қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ, шараға Түркістан облысының Көліктік бақылау инспекциясы мен Түркістан облысының полиция қызметкерлері де атсалысты.

Өткізілген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, жолаушылар көлігіне қатысты 12 хаттама түзілді. Сонымен қатар, жолаушылар тасымалымен айналасатын көлік жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ұқсас жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТАН САҚТАНАЙЫҚ!

admin

ОБЛЫСТЫҚ ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНДА ӨТКЕН МӘЖІЛІСТЕ ҚЫСҚЫ-КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУМӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

admin

МАҚТААРАЛҒА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНАН 260 ТОННАЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛІП ЖЕТТІ

admin