Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАНДА 140 БАЛАҒА ЖАҢАЖЫЛДЫҚ СЫЙЛЫҚТАР ТАПСЫРЫЛДЫ

Түркістанда Түркістан облыстық ақсақалдар алқасы мен «Үлес» қайырымдылық қорының үйлестіруімен 140 балаға жаңажылдық сыйлықтар тапсырылып, мерекелік тәттілер үлестірілді. Игі іс-шараға Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігі мен облыстық мәслихат депутаты Насиба Атаева да үлес қосты.
Мерекелік іс-шарада мұқтаж отбасылардың, әкесінен айырылған және мүмкіндігі шектеулі балаларға мерекелік сыйлықтар берілді. Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов балаларға батасын беріп, бастамаға қолдау
көрсеткен азаматтарға алғысын жеткізді.
«Үлес» қайырымдылық қорының басшысы Райымжан Қошқаровтың айтуынша, іс-шарада Түркістан, Кентау қалалары мен Сауран ауданының балаларына қолдау көрсетілген.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ӨЛКЕ» АПТАЛЫҒЫНДА 1 500-ГЕ ЖУЫҚ КӨШЕ ТАЗАРТЫЛДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА 13,9 МЛРД.ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

admin

АТҚАРУШЫ ХАТШЫ СТУДЕНТТЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

admin