Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАНДА АЗ ПАЙЫЗБЕН НЕСИЕЛЕНДІРУ 2 ЕСЕГЕ АРТТЫ

Қазіргі таңда Түркістан қаласында қызмет көрсету мен тауар ұсыну бойынша жергілікті кәсіпкерлік саласын дамыту негізгі басымдыққа ие. Бұл – тұрғындар үшін тұрақты табыс көзі, қосымша жұмыс орны, ал мемлекет үшін салық және арнайы төлемдер.
Кәсіпкерлерді аз пайызбен несиелендіру бойынша 2022 жылдың 6- айында «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-і 198,5 млн. теңгені құрайтын 16 жобаны қаржыландырды. Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2 есеге артты.
Бүгінгі таңда кәсіпкерлік саласында 14155 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер жұмыс істеп тұр.
Сонымен қатар биыл индустриалды аймаққа құны 2990 млн. теңге болатын және 169 жаңа жұмыс орнын құратын 4 жоба тартылып, өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қорытындысын алды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

5-СЕКТОРДЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

admin

ШЫМКЕНТТЕ ҚТЖ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ СЫРТҚЫ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin

ТОҚТЫБАЕВ ТАРТҚАН ТАУҚЫМЕТ

admin