Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ОРДАБАСЫ ОҚИҒАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Ордабасы АПБ жас  мамандары  Темірлан елді мекеніндегі «Қажымұқан» музейі мен  “Данқ” мемориалында болды. Әрбір жәдіргермен танысқан полиция қызметкерлеріне тарихи тұлғалар туралы кең мәліметтер берілді.

“Ордабасы биігінде 1726 жылы Орда тігіліп, жоңғар басқыншылығына қарсы қол жиналған. Бұл жиын қиын жағдайда, халықтың рухын көтеріп, ұлттық намыстың отын жаққан аса маңызды оқиға болып саналады”, — деді мұражай қызметкерлері.

Қазақ даласында орын алған тарихи оқиғалармен танысқан жас мамандар игі шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Жас мамандарды тәрбиелеу мақсатында өткізілген мұндай жиындар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ ЖАСТАРЫНА АДАЛДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

admin

Шымкенттік полицейлер көлік ұрлаған азаматты құрықтады

admin

Ел ертеңін ойласаң, ғаламторыңды түзе!

admin