Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халықСпорт

ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ АБСОЛЮТТІ ЧЕМПИОН АТАНДЫ

Талдықорғанда жүзуден Қазақстан Кубогы жолындағы жарыс өтті. Айтулы бәсекеде Түркістан облысы су спорты түрлері мектебінің спортшысы Адалаида Пчелинцева өте сәтті өнер көрсетті.
Адалаида 50, 100 және 200 метрге жүзуден, яғни, үш қашықтықта чемпион атанды. Сонымен бірге 2,148 ұпай жинап сайыстың абсолютті жеңімпазы болып танылды. С.Осинский мен Ж.Шалдарбековтың шәкірті енді Түркияға оқу-жаттығу жиынына аттанады. Одан кейін Германияның Берлин қаласында өтетін Әлем кубогы додасында Қазақстанның намысын қорғайды.
Түркістан облысының желкенді спорт сайыпқырандары да сенімді ақтады. Жерлестеріміз Қонаев қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында жалпыкомандалық бірінші орынға ие болды. Түркістандық спортшылар 8 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль еншіледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы әлеуметтік сауалнама жүргізді

admin

ТҮРКІСТАНДА ҚОНАҚҮЙЛЕР САНЫ АРТАДЫ

admin

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «ҚАЗПОШТА» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

admin