Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБас мақалаБилік және халық

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖИҺАЗ ФАБРИКАСЫ «АЛТЫН САПА» СЫЙЛЫҒЫН ИЕЛЕНДІ

Түркістандық «Grand Miks» жиһаз фабрикасы «Халыққа арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын»  номинациясы бойынша «Алтын сапа» сыйлығын иеленді. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы лауреаттары марапатталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттің қолдауымен отандық бизнестің жаңа легі қалыптасқанын және олар ұлттық экономиканың басты қозғаушы күшіне айналғанын атап өтті.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев пен «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтың қатысуымен өткен бизнес озаттарының марапатталу шарасына Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев және кәсіпкерлер палатасының басшылығы онлайн қосылды.

ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы жыл сайын өнімнің сапасы, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгені үшін, сондай – ақ ұйымның сапаның басқарудың тиімділігі жоғары әдістерін енгізгені үшін беріледі.

Еліміздегі үздік кәсіпорын атанған жиһаз фабрикасы жұмысын осыдан 20 жыл бұрын 4 адам жұмыс істеген кішігірім цех ретінде бастаған. Мемлекеттік қолдаудың көмегімен компания өндірілген өнім түрін арттырған. Бүгінгі күні зауыт Қазақстан Республикасындағы ірі өндіруші, ал «Grand Miks» атауы халықаралық трендтерді қолдайтын жиһаз өндірісі саласында брендке айналды.

Ұқсас жаңалықтар

ЖОЛ ЖҮРУ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА БІРҚАТАР ТАПСЫРМАЛАР БЕКІТІЛДІ

admin

ISO 37001-СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СЕНІМДІ КӨМЕКШІ

admin

ТҮРКІСТАНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ӨНІМ КӨЛЕМІН ҰЛҒАЙТУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

admin