Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКИЯДА «ҚАЗАҚСТАН — ҰЛЫЛАРДЫҢ ОТАНЫ» АТТЫ ВЕЛОСАЯХАТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

Түркияда белгілі волонтер Дамир Көшеев «Қазақстан — ұлылар Отаны» атты велосаяхат жасайды. Саяхат «Ыстамбұл-Анталья-Анкара-Ыстамбұл» бағытында жүреді. Жалпы қашықтық – 2500 шақырымды құрайды. Жоба – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр. «Turan-TV» телеарнасы саяхатты түгел таспаға түсіріп, көрермен назарына ұсынатын болады. Бұл туралы брифингте телеарна директоры Роман Ботабеков мәлімдеді.
Волонтер Дамир Көшеев аталған саяхат екі елдің достығы мен бауырластығына арналатындығын жеткізді.
«Түркия – еліміздің егемендігін алғаш мойындаған бауырлас мемлекет. Отыз жыл бойы достық қарым-қатынас жасап келеміз. Түрік ағайындар ұлы ақынымыз Абайға арнап саябақ, ескерткіш орнатты. Бұл ел мен тұлғаларға деген құрмет. Біздің саяхаттың тағы бір мақсаты — туыс елге алғыс білдіру, құрмет көрсету», — деді Дамир Мархабатұлы.
Волонтер Дамир Көшеев бұған дейін Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Алматы қаласынан Жидебай ауылына дейін 1200 шақырым жолды 46 күнде жаяу жүріп өткен. Сондай-ақ, Алматыдан Ақтөбе қаласына велосипедпен 2200 шақырым жолды 24 күнде бағындырған.

 

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте бір ауданның тұрғын үйлеріне ұрлыққа түскен азамат үш жылға сотталды

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 400 МЫҢ ШАРШЫ МЕТРГЕ ЖУЫҚ БАСПАНА БЕРІЛДІ

admin

ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ -ЖӘРДЕМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

admin