Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНІҢ АЙНАЛАСЫНА ЕҢ ҚҰНДЫ АҒАШ ТҮРЛЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ

Түбі бір түркі жұрты үшін жұмыр жер бетінде қастерлі мекендегі әлемнің сегізінші кереметі атанған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — ортағасырлық сәулет өнерінің шыңы. Тұтас ұлттың бірегей болмысын айқындап берген Түркістан төріндегі теңдесіз тарихи жәдігердің айналасы абаттандырып, жасыл желекке орануда. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев кесене аумағына ең құнды ағаш түрлерін отырғызуды тапсырды. Мұндағы барлық жұмыстар арнайы мамандардың жіті бақылауында.

Осыдан тура бір жыл бұрын Баку қаласында Түркістан облысының делегациясы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра комитетінің 43-сессиясында маңызды келісімдерге қол жеткізді. Онда Ясауи кесенесі аумағындағы құрылыс объектілерінің дүниежүзілік мұраға әсерін бағалау мәселелері де қаралған болатын. Дәл осы жиында кесененің айналасындағы аумақты абаттандыру бойынша шешім қабылданды.

Облыс әкімі драма театр құрылыс алаңында аралап көрді. 4 қабаттан тұратын ғимараттың жалпы көлемі 9700 шаршы метрді құрайды. Барлық талаптарға сай, заманауи үлгіде салынып жатқан мәдени ошақта 510 адамға арналған көрермен залы орналасқан. Ақтөбе облысының Түркістанға тартуы ретінде салынып жатқан драма театрдың құрылысы алдағы күзде аяқталады деп жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: Тәртіп сақшылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматшаға көмек көрсетті

admin

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЕКІ ҒАСЫРДЫҢ КУӘСІ БОЛҒАН ӘЖЕ МЕН КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

admin

Шымкенттегі арнайы операция: заңсыз телефон сатушылардың көзі құртылды (фото)

admin