Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ЗАҢСЫЗ САЛЫНҒАН ҚҰРЫЛЫСТАР БҰЗЫЛАДЫ!

Шымкент қаласында құрылыс нысандары  өте көп. Бірақ, кейбір құрылыс процесіне қойылатын негізі талаптар, атап айтсақ, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 68 бабына сәйкес келе бермейді. Ал мұндай жағдайда  аталмыш заңның талаптары орындалмаған  болса меншік иесінің есебінен объектіні бұзуға дейін азаматтық және әкімшілік тәртіппен жауапкершілік көзделген. Сондықтан,  осындай жағдайлар орын алмас үшін  Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан тұрақты жұмыстар жүргізіліп келеді.

Дегенмен, аталған талаптарды орындамай  құрылыс бастаған азаматтар да кездесетіні жасырын емес. Сондай бір құрылыс нысаны заңсыз деп анықталып,  Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан қаланың Қаратау аудандық сотына құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы талап арыз берілді.

Нәтижесінде,  Қаратау аудандық сотының   2021 жылғы   05 қарашадағы №5215-21-00-2/2377 санды шешімімен    Астана мөлтек ауданында орналасқан өлшемдері 9,4 х 12,4 метр болатын құрылыс мәжбүрлеп бұздырылды.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммунициялық орталығы

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттік полицейлер қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде

admin

Хайп қуамыз деп, ғайып болып кетпесек болғаны

admin

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНЫҢ ШЕКТІК БАҒАСЫН ӨСІРГЕНДЕРГЕ ШАРАЛАР КӨРІЛУДЕ

admin