Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ЖАҢА КЕЗЕҢГЕ — ЖАҢА РЕФОРМАЛАРМЕН

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық штаб мүшелері Лазиз Сулайманов, Бахадыр Нарымбетов, Бақтияр Тайжан қалалық аурухананың дәрігерлермен кездесу өткізді.

Жиында алдағы референдумның мән-маңызы жан-жақты талқыланды. Конституцияға енгізілетін түзетулердің әрқайсысына қысқаша шолу жасай отырып, штаб мүшелері олардың біреуіне жеке тоқталды. Мысалы, Мәжіліс пен облыстық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың мажоритарлық-үйлесімді моделі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша барлық жастағы, бұл ретте өздерін қандай да бір партиямен байланыстырмайтын белсенді азаматтарға жол ашатын болады.

Басқосуды қорытындылай келе, қатысушылар конституциялық түзетулер жобасы бойынша ел тұрғындарының жалпыға бірдей дауыс беруі – қазақстандықтардың бірлігінің және демократиялық қағидаттарды табанды ұстануының көрнекі үлгісі болады деген ортақ пікірге келді.

Ұқсас жаңалықтар

ЖҮЗ ДЕРТКЕ — ЖҮЗ ДАУА

admin

ЯСАУИ ХИКМЕТТЕРІ МУЗЫКА АРҚЫЛЫ ТҰҢҒЫШ РЕТ ОРЫНДАЛАДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: «САПАЛЫ ЖОЛ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА  АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫНДАҒЫ БІРҚАТАР КЕМШІЛІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ  

admin