Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара өткізілді.

Шымкенттік полицейлер жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 8-қарашасында рейдтік іс-шарасын өткізді.

Іс-шара аясында Еңбекші ауданы Полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі рейдтік жұмыстар жүргізді. Рейд барысында түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүрген кәмелет жасына толмағандар анықталып, олардың ата-аналарына қатысты тиісті әкімшілік шара қолданылды. Іс-шара барысында Еңбекші ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін ата аналарына ескерту жасалды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болу жайттері анықталды.

Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жасөспірімдерді түнгі уақытта назардан тыс қалдырмауларын сұранады.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮЛКІБАСТА ЖАҢА КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin

2020 ЖЫЛЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ 100 ПАЙЫЗ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛМАҚ

admin

ТҮРКІСТАН: ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕМЕН КӘСІБІН КЕҢЕЙТКЕНДЕР КӨП

admin