Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

Жолдаудың бағыттары біз үшін де маңызды

Шымкент гарнизонының механикаландырылған бригадасының жеке құрамымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 1 қыкүйек күні Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын түсіндіру және талқылау бойынша жиналыс өтті.

Бригада командирінің бірінші орынбасары – штаб бастығы подполковник Мақсат Қабылбеков  Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі бағыттары туралы баяндама жасады.

Жиналыс барысында стратегиялық құжат коммуналдық саланы жаңғырту, өскелең ұрпаққа қолдау көрсету, денсаулық сақтау және білім беру, халыққа әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейту жөніндегі реформаларықамтитыны айтылды.

  • Жоғарғы Бас Қолбасшымыз өз жолдауында жұртшылықтың негізгі сұранысы болған мәселелерге тереңірек тоқталды. Белгілеген реформалардан, елімізде бірқатар оң өзгерістер болатынын атап өтті.Әскери қызметшілердің де өмірі мен қызметі ел тағдырынан ажырамайды.Сондықтанәскери қызметшілер мен олардың отбасыларына бұл өзгерістердің тигізер септігі мол болып тұр, — деді бригада командирінің бірінші орынбасары–штаб бастығы подполковник Мақсат Қабылбеков.

Талқылауды қорыта келе,бригада командирінің бірінші орынбасары подполковник Мақсат Қабылбеков, офицерлік және сержанттық құрамға Жолдауының негізгі тезистеріне сәйкес, жеке құрамды, соның ішінде мерзімді қызметтегі сарбаздарды оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға қатысты бірқатар тапсырмалар қойды.

 

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСОВТЫҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН «АЗИЯ КУБОГЫ» ДОДАСЫ БАСТАЛДЫ

admin

Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады

admin

Шымкенттік полицейлер бір аптада абаттандыру ережесін бұзған 46 тұрғынды анықтады

admin