Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

«ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҒЫН ҚҰРУ

Шымкент қаласы әкімінің аралауы өнеркәсіп орындарына арнады. Жаңадан құрылып жатқан «Жұлдыз» индустриялық аймағына барып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Жалпы аумағы 306 гектар аймаққа инженерлік инфрақұрылымның құрылысы жүргізіліп жатыр.

Жаңа индустриялық аймақта машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы салаларында 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.  200 млрд. теңгеден астам қаржыға 50-ден астам ірі инвестициялық жоба іске аспақ. Қазіргі таңда 100 млрд. теңге тұратын 17 жобаға жер телімдері бөлінді.

Қала әкімі іске асырылатын әрбір жобамен танысып, өзекті мәселелерін талқылады. Тиісті басқарма басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фотоға түсірген Береке Сейітжаппар

Ұқсас жаңалықтар

«БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА- ТАТУЛЫҚ ПЕН БЕРЕКЕ»

admin

Жетісайда базарды қайта қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүруде

admin

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНДА ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІ КӨЛЕМІ 100 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ АРТТЫ

admin