Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныБилік және халық

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ТЕКСЕРІЛДІ

Бүгін, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Аймақты дамыту өңірлік кеңесінің көшпелі жиыны өтті.

Жиынға қалалық филиал Атқарушы хатшысының орынбасары Б.Тулегенов, кеңес төрағасы Л.Сулайманов, мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Қ.Имашев, мәслихат депутаты А.Зейнетаев, қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқарма басшысының орынбасары А. Әбдіхалықов және кеңес мүшелері мен қала аумағындағы жылу саласына жауапты мекеме басшылары қатысты.

Жиынға қатысушылар алдымен «Қуатжылуорталық-3» те болып, Шымкент қаласының 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының барысымен танысты.

Мекеме басшысының мәліметінше қазіргі таңда қаланың 23 бөлікте орналасқан жылу қазандықтардан 20-сы қысқы маусымға дайын (87%), қалған қазандықтар бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде, ағымдағы жылдың 25 қыркүйегіне дейін толық аяқталатындығын айтып өтті.

Сонымен бірге, «Нұрсат» тұрғын алабындағы жылу жүйесіне жасалынып жатқан құрылыс жұмыстарымен де танысты.

Жалпы қаланың 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының барысы бақылауға алынған, тиісті мемлекеттік органдар тарапынан апта сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Отбасы банкпен келісім-шарт жасалынды

admin

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №1023 Жарлығымен аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШ РЕТ ИЫҚ БУЫНЫН ТОЛЫҚ АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ЖАСАЛДЫ

admin