Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысыАқпараттар ағыныБилік және халық

ҚАЛА ӘКІМІ МЕГАПОЛИС ЭКОНОМИКАСЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен өткен инвестициялық штабтың кезекті отырысында ауылшарушылығы,  тау-кен өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс салаларын дамытуға бағытталған 8 жоба талқыланды. Инвесторлар аэрозоль баллондарының түрлерін, кір сабын, электротехникалық тауарлар өндіру, қойма логистикалық кешенінің құрылысына қатысты мегаполис экономикасы үшін маңызды жобаларын таныстырды.

Отандық инвесторлар жер телімін бөлуге қатысты өзекті мәселелерді көтеріп,  ұсыныстарын жеткізді.Бизнес өкілдеріне қолдау білдірген М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға инвесторлардың  өтініштері бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ инвестициялық жобаларды қолдау бағытындағы шаралардың заң шеңберінде атқарылуын қадағалауды тапсырды.

 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ПРОВИЗОРЛЫҚ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ОРЫНДАР САНЫ ЕКІ ЕСЕГЕ АЗАЙҒАН

admin

Шымкент: Ғимараттар қабырғасындағы есірткі жарнамалары жойылды

admin

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

admin